Әуе операциясында террор ұйымы басшыларының бірі залалсыздандырылды
PKK-ның басшыларының бірі «Саваш Порсипи» лақапты Мехмет Сойсүрен залалсыздандырылды.
Ирактың солтүстігіне жасалған әуе операциясында 1 террорист залалсыздандырылды.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда “Бүркіт тырнағы операциясы” аясында 3 күндік қадағалаудың артынан жасалған әуе операциясында «іздеу салынған террористтер» тізімінде қызыл бюллетен категориясындағы террор ұйымы PKK-ның басшыларының бірі «Саваш Порсипи» лақапты Мехмет Сойсүрен залалсыздандырылды.
Аталмыш террористтің террор ұйымының «арнайы шабуыл күшінің» жауапкері екені білдірілді.
Мәлімдемеде операцияда 20-ға жуық нысананың болса жойылғаны атап көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен сөйлесті
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен телефон арқылы сөйлесті.
Түркияда аза тұту күні жарияланды
Иран Президентінің қазасына байланысты Түркияда аза тұту күні жарияланды.