Фуат Октай Түрік қызыл жарты ай қоғамының Жалпы кеңесіне үн қатты

Фуат Октай Түрік қызыл жарты ай қоғамының бас қала Анкарада болып өткен 101-ші кезекті Жалпы Кеңесінде үн қатты.

1178556
Фуат Октай Түрік қызыл жарты ай қоғамының Жалпы кеңесіне үн қатты

Вице-премьер Фуат Октай сыртқы саясатта күштеп алу және оңаша келіссөз үстелдерінде мақұлданған заңсыз шешімдерге жол бермейтіндерін атап көрсетті.

Фуат Октай Түрік қызыл жарты ай қоғамының бас қала Анкарада болып өткен 101-ші кезекті Жалпы Кеңесінде үн қатты.

Октай Түркияның бүгін ықпалын жақын айналасында емес, бүкіл әлемде сездірген көп тұғырлы, ережелі және гуманитарлық сыртқы саясат түсінігіне ие екенін атап көрсетті.

Октай Түркияның сыртқы саясаттағы күшінің геосаяси тұғыры, саяси тұрақтылығы, өсіп жатқан экономикадағы қарқыны, мәдени байлығына қоса, сондай-ақ гуманитарлық және ұждандық болмысынан келгенін атап көрсетті.

Октай «Қазірге дейін болғандай осыдан кейінде палестиналық бауырларымыздың құқықтық күресі алдынғы қатарлы саясатымыз. Сыртқы саясатта күштеп алу және оңаша келіссөз үстелдерінде мақұлданған заңсыз шешімдерге жол бермейміз. Халықаралық аренада абыройлы күресімізді жалғастырмақпыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар