S-400 жүйелері F-35 соғыс ұшақтарына қауіп төндірмейді

Чавушоғлұ S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің F-35 соғыс ұшақтарына ешқандай бір қауіп төндірмейтінін айтты.

1177410
S-400 жүйелері F-35 соғыс ұшақтарына қауіп төндірмейді

S-400 жүйелері F-35 соғыс ұшақтарына қауіп төндірмейді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның Ресейден алатын S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің барлығының Түркияның бақылауында болатынын және бұлардың НАТО жүйелеріне, сондай-ақ F-35 соғыс ұшақтарына ешқандай бір қауіп төндірмейтінін тағы бір рет еске салды.

НАТО-ның 70 жылдығына орай Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда ұйымдастырылған НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысқан Чавушоғлұ түрік журналисттермен кездесті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесуін түсіндірген Чавушоғлұ АҚШ-тың Сириядан кетуі және Сирияның солтүстігінде құрылуы жоспарланған сенімді аймақ тақырыптарын қолға алғандарын баяндады.

Түркия мен АҚШ-тың F-35 соғыс ұшақтары және S-400 әуе қорғаныс жүйелері тақырыбында ұқсамаған көзқараста екенін білдірген Чавушоғлұ осы тақырыпты да талқылағандарын айтты.

Түркияның сыртқы саясатына тоқталған Чавушоғлұ «Аймағымызда Ресеймен көршіміз және аймақтағы барша Ресейден табиғи газ алуда. Ресей біздің сауда ортағымыз. АҚШ біздің НАТО одақтасымыз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар