Шетел лидерлері Ердоғанды жеңісіне орай құттықтады

Кейбір елдердің басшылары президент Ердоғанды сайлаудағы жеңісіне орай құттықтап, телефон шалды.

1175117
Шетел лидерлері Ердоғанды жеңісіне орай құттықтады

Кейбір мемлекет басшылары президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, сайлаудағы жеңісіне орай құттықтады.

Президенттік аппараттың мағлұматтарына қарағанда Ресей президенті Владимир Путин, Косово президенті Хашим Тачи, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас, Сербия президенті Александр Вучич, Босния-Герцеговина мемлекеттік басшылық Кеңесі төрағасы Милорад Додик пен Демократиялық қозғалыс партиясы басшысы Бакир Иззетбегович, Албания премьер-министрі Эди Рама, Гвинея президенті Алфа Конде президент, Әділет және даму партиясы басшысы Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, сайлаудағы жеңісіне орай құттықтады.

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан твиттер арқылы президент Ердоғанды жергілікті сайлаудағы жеңісі үшін құттықтады.

Хан әлеуметтік желіден жариялаған құттықтауында «Пәкістанның досы Режеп Тайып Ердоғанды Түркиядағы жергілікті сайлауда тағы бір жеңісі үшін құттықтағаныма қуаныштымын. Пәкістан халқы өзіне келешекте одан көп табыс тілейді» деді.

Сондай-ақ Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчели мен бұрынғы премьер-министрлер Месут Йылмаз және Тансу Чиллер де Ердоғанды құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар