"Түрік қарулы күштері ДАИШ-пен күресті жалғастырған жалғыз армия"

Ұлттық қорғаныс министрлігі Түрік қарулы күштерінің террор ұйымы ДАИШ-пен күресті жалғастырған жалғыз армия екенін мәлімдеді.

1169536
"Түрік қарулы күштері ДАИШ-пен күресті жалғастырған жалғыз армия"

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің интернет парақшасы арқылы жасалған мәлімдемеде Түрік қарулы күштері шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ДАИШ террор ұйымының қорқыту және шабуылдарының алдын алу, елді-мекендерінен кетуге мәжбүрленген Сирия халқының үйлеріне оралуына үлес қосу мақсатты Евфрат қалқаны операциясының 2016 жылы 24 тамыз күні басталғаны еске салынды.

Әл-Баб тұрғын аймағының 2017 жылы 24 ақпан күні бақылауға алынуымен операцияның нысанасын орындағаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Еркін Сирия армиясымен бірге жүргізілген операция бойынша шекара желісімізде орналасқан 243 тұрғын үй мен 2 мың 15 шаршы шақырым ДАИШ-тен тазаланып, 3 мыңнан астам радикал ДАИШ террор ұйымы мүшесі залалсыздандырылды, ДАИШ террор ұйымына тиесілі 21 мың нысана жойылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар