Ердоған Жаңа Зеландия вице-премьерін қабылдады

Президент Ердоған Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрі және вице-премьері Винстон Петерсті қабылдады.

1168872
Ердоған Жаңа Зеландия вице-премьерін қабылдады

Ердоған Жаңа Зеландия вице-премьерін қабылдады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулда ұйымдастырылған Ислам ынтымақтастығы ұйымы сыртқы істер министрлері деңгейінде жедел атқару комитеті жиналысында сөз сөйледі.

Баяндамадан кейін Президент Ердоған Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрі және вице-премьері Винстон Петерс пен оның басшылығындағы делегацияны қабылдады.

Баспасөздерге жабық өткен қабылдауда Президент орынбасары Фуат Октай, Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ, Президенттік коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын да орын алды.



Ұқсас жаңалықтар