Президент Ердоған тікелей эфирде күн тәртібін бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоған жекеменшік үш теледидардың ортақ эфирінде мәлімдеме жасады.

1166093
Президент Ердоған тікелей эфирде күн тәртібін бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоған Жаңа Зеландиядағы террор шабуылының жеке адамның оқиғасы емес, толығымен  ұйымдастырылған бір террор шабуылы екенін атап көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған жекеменшік үш теледидардың ортақ эфирінде мәлімдеме жасады.

Тікелей эфирде сұрақтарға жауап қайтарған президент Режеп Тайып Ердоған Жаңа Зеландияда жұма намазы уақытында ұйымдастырылған және 50 адам қаза тапқан террор шабуылымен байланысты бағалау жасады.

Шабуылдың жеке адамның ісі емес, толығымен ұйымдастырылған бір террор шабуылы екенін атаған Ердоған батыс әлемінің осы оқиға алдында үнсіз қалуына наразылық көрсетті.

Ердоған Чарли Эбдо (Францияда) оқиғасында бүкіл Еуроодақ бас қосты ма? Қосты. Ал осы оқиғада Еуроодақтың дауысы неге шықпайды? Әлі Еуроодақтан үн шыққан жоқ. Батыс баспасөзі болса оқиғаға қулықпен қарайды» деді.

Осы шабуылдың жазасымен байланысты алған ақпаратты да бөліскен Ердоған «15 жылдай екені айтылады. Яғни 50 мұсылман шәйіт болады. Осы қырғынның жазасы 15 жыл болмақ. Бұл не деген әділет? Мұны қабылдауға бола ма?» деп сұрады.

Мәлімдемесінде Сирияның Африн аймағының террордан тазалануының жылдығында аймақта қол жеткізілген жетістіктерге тоқталған президент маңызды бір қауіпке назар аударды.

Ердоған «Егер біз сол террор коридорын жаппағанда, Африн мен Джераблус операцияларын жүзеге асырмағанда, бүгін біздің оңтүстігіміз толығымен осы террористтер тарапынан қоршалатын еді» деді.

Еуроодақ келіссөздерімен байланысты еуропалық лауазымдылар жасаған соңғы мәлімдемелерге назар аударған президент «Бізбен келіссөздерді тоқтатса немесе Түркияны Еуроодақ құрамынан шығарғанда... Жасай алмайды, өйткені Түркияға олар да мұқтаж» деді.

Ердоған экономиканы жіті қадағалағандарын және жаңалықтардың болымды бағытта екенін сөздеріне қоса айтты.



Ұқсас жаңалықтар