Жандармерия бас қолбасшылығынан мағыналы видео

Чанаккале соғысы барысында түсірілген көріністер мен Ататүріктің майдандағы суреттері де орын алған видео әлеуметтік желіде жарияланды.

1165317
Жандармерия бас қолбасшылығынан мағыналы видео

Жандармерия бас қолбасшылығы 18 наурыз Шейіттерді еске алу күні және Чанаккале теңіз жеңісінің 104 жылдығына орай видео ролик жариялады.

Чанаккале соғысы барысында түсірілген көріністер мен Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің майдандағы суреттері де орын алған видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Видеода мына сөздерге орын берілді:

 «Анадолы – мың жылдық мекеніміз. Бұл жұмақта өмір сүрудің құны – ауыр. Әрдайым күреске толы бұл жер. Бас иіп, мүсәпірсіп өмір мүре алмайсың бұл топырақта. Маңдайдың тері, шейіттің қаны бар әрбір қарысында. Бұл жер – топырақ астында кебінсіз жатқандардың,  Ай үшін батқан қаншама Күннің мекені. Чанаккале осы теңдесі жоқ жерде билік құру қабілетіне ие болған ұлтымыздың алғашқы дастаны емес,  соңғысы да емес. Осы дастаннан бір із көргің келсе,  топырақтың бір қарыс астына,  «Келесі дастанды кім жазады?» десең,  бір баланың көзіне қарасаң жетеді. Республикаға махаббат және адалдықпен тәуелді жандармерия Анафарталардағы, Киречтепедегі рух және наныммен 180 жылдан бері ұлы түрік ұлтының қызметінде болуды мақтан тұтады»



Ұқсас жаңалықтар