Румыния премьер-министрі Түркияға қолдауын білдірді

Виорика Дэнчилэ Түркия өкілетті елшісін қабылдады.

1162331
Румыния премьер-министрі Түркияға қолдауын білдірді

Еуропа Одағы кезекті төрағасы Румынияның премьер-министрі Виорика Дэнчилэ Түркияның ЕО мүшелегіне қолдау беруді жалғастыратындарын білдіріп: «Түркия – ЕO үшін маңызды серік» деді.

Румыния үкіметінің жазбаша хабарламасына қарағанда,  премьер-министр Дэнчилэ Түркияның Румыниядағы өкілетті және төтенше елшісі Фусун Арамазды қабылдады.

Дэнчилэ екі ел арасында стратегиялық серіктестікке сүйенген қатынастардың маңызын атай келе Түркияның Еуропа Одағына мүше елдер тысында Румынияның маңызды экономикалық серігі екенін білдірді. Премьер-министр Түркияның Еуропа Одағына мүшелігіне қолдау беруді жалғастыратындарын қайталады.

Дэнчилэ Түркияның аймақтағы қиыншылықтарды басқарып, ортақ мүдделерді қорғап отырғанын айтты.

Түркияның өкілетті және төтенше елшісі Арамаз болса Румыниямен жақын қарым-қатынас және ынтымақтастықты жетілдіре түсетіндерін білдіріп,  түрлі жобаларды аяқтау тақырыбында басылатын қадамдарды күткендеріне тоқталды.



Ұқсас жаңалықтар