Ердоған террормен күресуге бел байлағанын айтты

Ердоған "Ұлтымның тыныштығын бұзғандарға бұл елде өмір сүру құқы берілмейді" деді.

1156006
Ердоған террормен күресуге бел байлағанын айтты

Елбасы Режеп Тайып Ердоған террормен күресуге бел байлағанын білдірді.  

Елбасы Режеп Тайып Ердоған Орду уәлаятындағы мәлімдемесінде:

"Ұлтымның тыныштығын бұзғандарға бұл елде өмір сүру құқы берілмейді" деп баса дәріптеді. Түркияның болашағының бейне аймақтың болашағы сияқты Сирия мәселесінің шешіміне байланысты екенін айтқан елбасы Ердоған:

"Біз барлық қадамдарымызды талпыныспен басып келеміз. Бұл аймақта Түркиядан сұралмай ешқандай шешім жасалмайды. Сирия мәселесін шекараларымыздың амандығын сақтау шартымен шеше алмасақ, бізге де, Еуропа Одағына да тыныштық жоқ. Шекарадағы аймақтарымыздың амандығы мен тыныштығын қамтамасыз еткенде ғана шешімнің іске асатынын көріп отырмыз.

Сол себепті, Евфраттың шығысындағы аймақтарды террористтерден тазалауға бел байладық" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар