Түркия Мысыр халқына көңіл айтты

Рамзес аймағындағы пойыз вокзалда кеше болған авария мен кейін шыққан өртте қаза тапқан Мысыр азаматтарына көңіл айтты.

1154360
Түркия Мысыр халқына көңіл айтты

Түркия Мысырдың бас қаласы Каирдің Рамзес аймағында кеше болған пойыз апаты мен артынан шыққан өртте қаза тапқан Мысыр азаматтарына көңіл айтты.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Каирдің орталығындағы Рамзес пойыз вокзалында кеше бір пойыздың станция платформасына соқтығысуы салдарынан шыққан өртте көптеген адам қаза тауып, жараланғаны жайлы қайғылы хабардың алынғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Аварияда қаза тапқандарға Алланың рақымшылығы мен жаралыларға жедел шипа тілейміз. Мысыр халқына көңіл айтамыз» делінді.

Мысыр Денсаулық сақтау министрі Хале Зайид оқиға орнындағы тексеруінің артынан жасаған мәлімдемеде 20 адамның қаза тапқанын, 43 адамның жарақат алғанын атап айтқан еді.

Оқиғаның артынан Мысыр Қатынас министрі Хишам Арафат отставкаға кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар