ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым отставкаға кетті

Стамбул муниципалитет төрағалығына үміткер Бинали Йылдырым Мәжіліс төрағалығы міндетінен отставкаға кетті.

1148493
ТҰҰМ төрағасы Бинали Йылдырым отставкаға кетті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым отставкаға кетті.

Әділет және даму партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы құрған Джумхур (Халық) Одағының Стамбул муниципалитет төрағалығына үміткер Бинали Йылдырым Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағалығы міндетінен отставкаға кетті.

Әділет және даму партиясының Стамбул Муниципалитет төрағасы үміткері ретінде 31 наурыз күні болып өтетін жалпы халықтық сайлауда жарысатын Бинали Йылдырым ТҰҰМ-де ұйымдастырылған рәсіммен Мәжіліс төрағалығы міндетін Джелал Аданға тапсырды.

Адан жаңа Мәжіліс төрағасы сайланғанша ТҰҰМ уақытша төрағалық міндетін атқарады.



Ұқсас жаңалықтар