Калын «Ашық есік кітапхана жобасы» бағдарламасына қатысты

Стамбул Муниципалитеті бастаған «Ашық есік кітапхана жобасы» аясында стамбулдықтар 24 сағат кітапхана қызметін пайдалана алады.

1146788
Калын «Ашық есік кітапхана жобасы» бағдарламасына қатысты

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Фетуллахшы террор ұйымымен (FETÖ) күресті әлемнің түкпір-түкпірінде тұрақтылықпен жалғастыратындарын атап көрсетті.

Стамбул Муниципалитеті бастаған «Ашық кітапхана жобасы» аясында Кітапханалар мен мұражайлар дирекциясына қарасты Картал Муаллим Джевдет атты кітапхананың стамбулдықтарға 24 сағат қызмет көрсете бастауына орай бір бағдарламаға ұйымдастырды.

Бағдарламаға қонақ болған Калын осында журналисттерге мәлімдеме жасап, FETÖ-мен күрестің үздіксіз жалғасқанын атап көрсетті.

Калын «Әлемнің қай жеріне барса да, ең жоғары лауазымдысынан ең төменгі қызметкеріне дейін осы опасыздық ұйымына қарсы күресіміз жалғасады» деді.

Калын «Қазірге дейін әлемнің көптеген елінде өте маңызды жетістіктерге қол жеткіздік. Дос және одақтас елдер осы FETÖ террор ұйымының тек қана Түркияда емес, сол елдерде де қандай үлкен бір қауіп екенін ұға бастады. Жиырмаға жуық елде FETÖ-нің мектептері жабылды немесе Түрік Маариф қорына өткізілді» деді.



Ұқсас жаңалықтар