АҚШ делегациясы Анкараға келеді

Делегация құрамында АҚШ қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон, Бас Штаб Басқармасы төрағасы Джозеф Дунфорд және Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффри орын алады.

1120545
АҚШ делегациясы Анкараға келеді

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон, Бас Штаб Басқармасы төрағасы Джозеф Дунфорд және Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффри бүгін Анкараға келеді.

АҚШ делегациясының 2 күнге жалғасатын байланыстар аясында АҚШ әскерлерінің Сириядан кері шегінуімен байланысты күн тізбе мен ДАИШ террор ұйымына қарсы жүргізілетін күрес қолға алынады.

Келіссөздерде сондай-ақ Түркияның сыртқы саясаттағы критерилар АҚШ делегациясына жеткізіледі.

АҚШ тарапынан YPG/PKK-ға берілген қарулар да келіссөздердің күн тәртібі арасында. Қарулардың тез арада жинақталу керектігі тақырыбы да Анкара ескертетін мәселелердің бірі.

Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы жүргізілетін күрес тақырыбында көзқарас алмасылады.

Келіссөздерде түрік әскерінің Сирияда қолданатын бағыты, әуе кеңістігін қолдануы, коалиция күштерінің әуе қолдауы беруі сияқты маңызды тақырыптар да қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар