Киммет: "Ердоған Трампты Сирия шешіміне көндірді"

Киммет АҚШ-тың Сириядан шегінуі орынды шешім болды

1111745
Киммет: "Ердоған Трампты Сирия шешіміне көндірді"

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы Сыртқы істер министрінің орынбасары және зейнеткер генерал Марк Киммет Елбасы Режеп Таип Ердоғанның Сирия тақырыбында президент Дональд Трампты көндіргенін айтты.

Еуропа және НАТО-да ең ірі армиялардың біріне ие болған Түркияның Вашингтон үшін өміршеңдік маңызға ие екенін тілге тиек еткен Киммет осы тұрғыдан алғанда Трамптың Сириядан әскер шегеру шешімін "Анкарамен қарым-қатынастарды дамыту бағытындағы орынды бір қадам болды" деп бағаландырды. 

"Әл-Жазира" телеарнасындағы бір бағдарламаға қатысқан Киммет "Менің қарауымша, Елбасы Ердоған Сирияға байланысты барлық жоспарларында президент Трампты Түркиямен ұзақ мерзімдік қарым-қатынастарды көзде ұстауы тұрғысында разы қылды" деп көрсетті.

Түркияның 2002 жылы Иракқа кіруді жоспарлаған Америка Құрама Штаттары әскерлерінің территориясынан өтуін қабыл алмауынан бері екі ел қарым-қатынастарында дағдарыстар белең бергенін білдірген Киммет мұнда Вашингтонның Фетуллахшыл террористік ұйым және YPG-ге жасаған қолдауы да әсерлі болғанын атап өтті.

Түркияның аймақта көптеген салада АҚШ-тың маңызды бір одақтасы болуының өміршең маңызға ие екенін айтқан Киммет мыналарды да білдірді:

"Түріктер көптеген қақтығыстарда жылдар бойы бізбен бірге соғысты. АҚШ-тың ядролық қаруларын территориясына кіргізді. АҚШ-тың Түркиямен байланыстары басқа факторлармен салыстырғанда әлде қайта маңызды орында тұрады.  Трамптың Сириядан шегіну саясатын өте ақылды әрекет деп қараймын. Түркия АҚШ үшін маңызды. Сириядан шегіну Түркияның бетін бері қарату тұрғысынан орынды бір қадам болып табылады". 

Киммет "Президент Трамп маңызды бір шешім жасады. Біз шегінеміз. ДАИШ бұдан былай АҚШ үшін өміршеңдік қауіп төндірмейді. Шынын айтқанда, олар жеңілді, алайда жойылмады.Түріктер болса да, күрттер болса да, орыстар болса да бұл жұмысты басқаларға тастайық. ДАИШ-тың жойылуы неліктен АҚШ-тың жауапкерлігі болсын?" деп атап көрсетті.   



Ұқсас жаңалықтар