Алиев түрік сыртқы істер министрін қабылдады

Чавушоғлу ҚЭЫҰ-ның жиналысына қатысу мақсатымен Әзірбайжанға барды.

1106926
Алиев түрік сыртқы істер министрін қабылдады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 39-шы Сыртқы істер министрлері кеңесі жиналысына қатысу мақсатымен Әзірбайжанға барды.  Министрді Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев қарсы алды.

Ильхам Алиев Президенттік сарайдағы қабылдауда Әзірбайжан мен Түркияның өте жақын достық қатынаста, екі елдің әрдайым бірін бірін қолдап жүретінін айтты.

Алиев Таулы Қарабах проблемасының шешім үрдісінде де Түркияның Әзірбайжанды қолдайтынын атап көрсетті.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу да кеше Анкарада болған пойыз апатында қаза тапқандар үшін көңіл айтқан Алиевке алғыс білдірді.  «Бауырлас Әзірбайжанның лидері ретінде сіз жақсы күндерде де,  қара күндерде де біздің жанымыздан табылдыңыз. Біз де Түркия ретінде әрқашан сіздермен біргеміз» деді ол.

Чавушоғлу Әзірбайжанның Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық ұйымында табысты төрағалық кезеңін атқарғанын білдірді.  Ол Әзірбайжанның мойнындағы барлық жауапкершілікті орындағанын,  жиналыстарын табысты өткізгенін атап көрсетті.

Министр: «Президент Ердоғанмен бірге сіз көрсеткен лидерлік, шынайы достық,  бауырластық және бізге берілген нұсқаулар арқылы маңызды жобаларды жүзеге асырдық,  әлі атқарылатын көп жұмыс бар» деді.

Чавушоғлу Қарабах проблемасы мен Әзірбайжанның территория тұтастығы тақырыбында Түркияның әрқашан ең мықты қолдауды беретінін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар