Никол Пашинян Түркия туралы мәлімдеме жасады

Пашинян «Түркиямен алғы шартсыз түрде тікелей қарым-қатынас жасауға дайынбыз» деді.

1104456
Никол Пашинян Түркия туралы мәлімдеме жасады

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау өтті. Саяси додада 9 партия мен 2 сайлауалды блок қатысты. Оппозициялық саясаткер Никол Пашинянның «Мой шаг» партиясы 66 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті.

Армениядағы сайлаудың жеңімпазы және  уақыттық премьер-министрі Никол Пашинян «Түркиямен алғы шартсыз түрде тікелей қарым-қатынас жасауға дайынбыз. Түркияның да бұны қабылдауын тілеймін» деді.

Осы апта өткізілген кезектен тыс сайлаудың жеңімпазы Пашинян премьер-министрлік ғимаратында шетелдік журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

 «Түркиямен қарым-қатынастарымыз Таулы Қарабах мәселесімен байланысты» деген Пашинян Армения мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастары және  Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынастарына да ықпал жасайтынын білдірді.

Пашинян  «Бұдан бұрын талай рет айттым. Түркиямен алғы шартсыз түрде тікелей қарым-қатынас жасауға дайынбыз. Түркияның да бұны қабылдауын тілеймін» деді.

Армения жаулауы астындағы Таулы Қарабах тақырыбына да тоқталған Пашинян бұның халықаралық күн тәртібінде орын алғанын және басты мәселе екенін айтты.

Пашинян «Бұл мәселенің шешім табуын қалаймыз. Диалог ішінде шешілетініне сенеміз» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар