Түркия Йеменге қол ұшын беруде

Ербаш Йеменде 22 миллион халыққа ашаршылықтан өлу  қаупінің төнгеніне назар аударды.

1102618
Түркия Йеменге қол ұшын беруде

Түркия Йемен үшін жәрдем кампания бастады.

Дін істері басқармасы және Түркия діни қоры басқару алқасы төрағасы Али Ербаш Түркия діни қорының конференция  залында ұйымдастырылған «Йеменге үнсіз қалмаңыздар» атты жәрдем кампаниясының таныту жиналысына қатысты.

Ербаш бұл жерде жасаған баяндамасында адам баласының қиын емтиханнан өткен бір дәуірде өмір сүргенін білдіріп, Йемендегі адамгершілік емтиханынан адам баласының өте алмағанын атап өті.

Ербаш Йемен соңғы 100 жылдың ең үлкен ашаршылық апатына душар болғанына және Йеменде 22 миллион халыққа ашаршылықтан өлу  қаупінің төнгеніне назар аударды.

Али Ербаш Түркия діни қорының ашаршылыққа душар болғандарға осы таңға дейін 8,5 миллион лиралық жәрдем бергенін еске салды.



Ұқсас жаңалықтар