Президент тікұшақ апатында шәйіт болған 4 әскердің жанұясына көңіл айтты

Ердоған Стамбулда Халықаралық есірткі саясаттары және салауатты өмір салты тақырыпты симпозиумында баяндама жасады.

1095088
Президент тікұшақ апатында шәйіт болған 4 әскердің жанұясына көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулдадағы қайғылы тікұшақ апатында шәйіт болған әскерлерге Алланың рақымшылығы мен жаралыларға шипа тіледі.

Ердоған Стамбулда Халықаралық есірткі саясаттары және салауатты өмір салты тақырыпты баяндама жасады.

Ердоған баяндамасында Самандырада болған әскери тікұшақ апатымен байланысты «Бүгін таңғы уақытта Стамбул Самандырадағы қайғылы оқиғада шәйіт болған әскерлерімізге Аланының рақымшылығы мен жаралы әскерге шипа тілеймін. Шәйіт жанұялары, Түрік Қарулы Күштері және ұлтымызға көңіл айтамын. Раббым ұлтымызды және әскерімізді әртүрлі апаттан, қайғы мен бәледен өзі сақтап, аулақ қылсын» деді.

Санджактепеде әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан 4 әскер шәйіт болып, бір әскер жарақат алған болатын.

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Стамбул губернаторы Али Йерликая оқу-жаттығу ұшуы барысында тікұшақ құлаған аймақты аралаған еді.



Ұқсас жаңалықтар