Түркияда бүгін Мұғалімдер күні

Бүгін Мұғалімдер күнін тойлап отырмыз.

1094144
Түркияда бүгін Мұғалімдер күні

Түркияда бүгін Мұғалімдер күні.

Қазіргі түрік мемлекетінің негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің құрметіне ресми күн ретінде белгіленді. 1928 жылы осы күні халықтың сауатын ашу үшін ұлттық мектептің негізі қаланды. Бірінші ұстаз Ататүріктің өзі болды.  Бұдан басқа, 1934 жылы 24 қарашада Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы Мұстафа Кемалға «Ататүрік» тегін берді. Ол ұлы түрік деген мағынаны білдіреді.

Бүгін Мұғалімдер күнін тойлап отырмыз.  Қоғамымыздың білім алуында үлкен жауапкершілігі бар мұғалімдеріміздің әрқашан жанындамыз. Табысты болашақты құру мұғалімдердің пидақорлығымен, сүйіспеншілігімен атқарылады. Тек мұғалімдер ғана басқа азаматтардың балаларына сүйіспеншілікпен, мейіріммен қарай алады. Оларды осы қасиетті міндеттерінде жалғыз қалдырмаймыз,  болашақты қалыптастыруда оларға мұқтаж екенімізді естен шығармаймыз.

Мұғалімдер күні әлемнің көптеген жерінде тойлануда. 1994 жылынан бері көптеген елде Мұғалімдер күні Біріккен Ұлттар Ұйымы ЮНЕСКО-ның ұсынысы бойынша 5 қазанда тойлана басталды.



Ұқсас жаңалықтар