Хатайда сириялық 6 босқын су тасқынында қаза тапты

Хатайдың Сирия шекарасындағы су тасқынында Түркияға заңсыз жолдан өтуге әрекет жасаған 6 босқын қаза тапты.

1076261
Хатайда сириялық 6 босқын су тасқынында қаза тапты

Сирия шекарасындағы Йайладағы ауданы Кызылчат аумағы маңында бір топ сириялық босқын шекарадан заңсыз түрде өткен кезде суға кетті.

Аймаққа жіберілген жандармерия мен денсаулық сақтау топтары сириялық екені анықталған 6 еркектің мәйітін тапты.

Мәйіттер медициналық сараптама үшін ауруханаға жіберіліп, прокуратура оқиғамен байланысты тергеу бастады.



Ұқсас жаңалықтар