Ердоған мен Дэнчилэ ортақ баспасөз жиналыс өткізді

Президент Ердоған Румыния іскерлерін Түркияға инвестиция салуға шақырды.

1069718
Ердоған мен Дэнчилэ ортақ баспасөз жиналыс өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ-ның 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін Румынияның Түркиямен селбесу ішінде болғанын ұмытпайтындарын айтты.

Ердоған «Румынияда FETÖ-мен байланысы болған жеке адамдар мен ұйымдарға қарсы қажетті қадамдардың басылуы үшін Румыния органдарымен байланыстарымызды жалғастырудамыз» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Румыния премьер-министрі Виорика Дэнчилэмен президенттік сарайында өткізілген делегациялар арасы кездесуден кейін ортақ баспасөз жиналыс өткізді.

Президент Ердоған 2018 жылының екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың 140 жылдығы екенін еске салды.

Ердоған екі ел қарым-қатынастарының 2011 жылынан осы таңға дейін стратегиялық ортақтық деңгейінде болғанын білдірді.

Президент Ердоған тағы бір рет Румыния іскерлерін Түркияға инвестиция салуға шақырды.

НАТО одақтасы Румынияның одақтас ішінде Түркияның террормен күресу талпыныстарына қолдау бергеніне орай алғыс айтқандарын баяндаған Ердоған «Румынияның алдымыздағы жылдың басында басталатын Еуропа Одағы кезекті төрағалығы қарым-қатынастарымыз тұрғысынан маңызды бір орай» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар