Түрік кеңесі жұмыстарын ұйымшылдық аясында жалғастырады

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық күніне орай хабарлама жарияланды.

1062196
Түрік кеңесі жұмыстарын ұйымшылдық аясында жалғастырады

Түркия Түрік кеңесі құрамындағы жұмыстарын үйлесімділік және ұйымшылдық аясында жалғастыратынын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі 3 қазан Түркітілдес елдер ынтымақтастық күніне орай хабарлама жариялады.  Хабарламада Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Түркия, Әзірбайжанғ Қазақстан және Қырғызстан Республикалары арасында 2009 жылы 3 қазан күні қол қойылған Нахчыван келісімі арқылы өңірлік ынтымақтастық ұйымы ретінде Стамбулда құрылғаны еске салынды.

Хабарламада сондай-ақ әрі Түрік кеңесі, әрі қатысты ұйымдар болып саналатын Анкарадағы Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой,  Астанадағы Түрік академиясы,  Бакудегі Түрік Мәдениет және мұра фонды мен Түрік Парламенттік ассамблеясы тарапынан бүгінге дейін жүзеге асырылған түрлі жобалардың түркі әлемінің бірлігін нығайтуға орасан зор үлес қосқаны атап көрсетілді.

3 қыркүйек күні Қырғызстанда өткен VI саммитте де Венгрияның бақылаушы ел ретінде қабылданғаны айтылды.  Хабарламада «Түркия Түрік Кеңесі құрамындағы жұмыстарын үйлесімділік және ұйымшылдық аясында жалғастырады» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар