"Германиядан ықпалды күрес күтеміз"

Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельмен Берлиндегі кездесуінен кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

1058740
"Германиядан ықпалды күрес күтеміз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Германиядан террорлық ұйымдармен ықпалды күрес күтетіндерін білдірді.

Ердоған Германия канцлері Ангела Меркельмен Берлиндегі кездесуінен кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

Меркельмен кездесуінде бір мезгілден бері жұмыс істемей қалған ынтымақтастық механизмдерін қайта бастауға келіскендерін білдірген Ердоған түрік азаматтарына виза еркіндігі тақырыбында қалған 6 критерияны қысқа уақытта орындауды жоспарлағандарын атап айтты.

Ердоған Түркияның Сирия дағдарысы секілді өңірлік тақырыптарда үлкен жауапкершілік алғанын айтты.

Президент Түркияның басқа салаларда болғаны секілді экономика саласындағы қауіптерге қарсы дайын және қауіптерді жоюға қабілетті күште екенін атап көрсетті.

Ердоған: «Германиядан террорлық ұйымдармен ықпалды күресуін күтеміз және осы талаптарымызды егжей-тегжейлі қолға алдық» деді.

Германиямен экономикалық қатынастарға көңіл бөлетіндерін білдірген Ердоған: «Неміс үкіметінің осы бағыттағы ұстанымы біз үшін қымбат» деді.

Террорлық ұйымның мыңдаған мүшесінің Германияда екенін атап көрсеткен Ердоған: «Бір бірімізге деген сеніміміз арқасында кімді ұстасақ,  қайтарып беруіміз,  ісімізді жеңілдетуіміз керек» деді.

Ердоған тұтқындарға байланысты бір сұраққа жауап бере отырып: «Не менің Германияның құқық жүйесін,  сотын сынау құқығым жоқ не болмаса сіздердің түрік сот жүйесін сынау құқығыңыз жоқ» деді.

Президент Ердоған Фетуллахшы террор ұйымының жүздеген мүшесінің Германияда екенін айтты. Мемлекеттің құпияларын жариялағаннан кейін Германияға қашқан Джан Дүндар жөніндегі бір сұраққа жауап берген Ердоған осы кісінің тыңшы екенін,  мемлекеттің құпияларын жариялағаны үшін түрік әділетінің 5 жыл 10 айға соттағанын еске салды.

«Қылмыстылардың қайтарылуы үшін келіскен елдерміз.  Осындай бір қылмыскердің қайтарылуын талап ету – табиғи құқығымыз.  Соттың үкімі бекітілген бір қылмыскерді сұрадық. Джан Дүндар мемлекеттік құпияларды жариялаған бір тыңшы» деді ол.

Германия канцлері Меркель болса Түркияның сириялық босқындарға құшақ ашуын мақтағаннан кейін: «Сирия тақырыбында түрік, орыс және француз басшылары және мен де қатысатын төрттік саммиттің қазан айында өткізілуі үшін жұмыстанудамыз» деді.

«PKK-ға Германияда тыйым салынды,  FETÖ тақырыбында көп деректер керек.  15 шілде төңкеріс әрекетін айыптаймыз» деді ол.

Меркель: «Германия ретінде тұрақты, экономикалық жағынан мықты Түркия қалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар