Чавушоғлұ Пәкістанға барды

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ ресми сапармен Пәкістанға барды.

1050040
Чавушоғлұ Пәкістанға барды

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ ресми сапармен Пәкістанға барды. Чавушоғлұ Пәкістан президенті Ариф Алви, премьер-министр Имран Хан, Сыртқы істер министрі Шах Мұхаммед Куреши және Құрлық күштері қолбасшысы Камар Жавит Бажвамен кездесті.

Президент сарайында қабылданған Чавушоғлұ Алвимен екі ел қарым-қатынастары және келесі маусымда өткізілетін саммитке байланысты пікір алмасты.

Чавушоғлұ одан кейін премьер-министр Имран Ханмен бас қосты. Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастар, халықаралық және аймақтық тақырыптар қолға алынды.

Чавушоғлұ Пәкістан сапары аясында Пәкістан Құрлық күштері басқармасына барып, генерал Камар Жавит Бажвамен кездесті.

Чавушоғлұ Түркияның Сирия мәселесінің шешімінде қатты атсалысқанын баяндады.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ осы мәселенің шешімі үшін президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимр Путиннің дүйсенбі күні Идлиб тақырыбында кездесетінін атап өтті.


Этикеттер: #Пәкістан , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар