Ердоған мен Жеенбеков Бішкекте бас қосты

Екі ел арасында әртүрлі салада 12 бөлек келісім-шартқа қол қойылды.

1041609
Ердоған мен Жеенбеков Бішкекте бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған 2016 жылы 15 шілде күні төңкеріс әрекеті жасаған Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) барлық елдер үшін қауіп төндіргенін атап көрсетті.

Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте Мемлекеттік қонақ үйінде Ердоған мен Қырғызстан президенті Сооронбай Жеенбеков кешкі Жоғары деңгейдегі Стратегиялық Ынтымақтастық Кеңесі (YDSK) жиналысының артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Осында үн қатқан Ердоған Түркия-Қырғызстан ынтымақтастығын лайықты сатыға жеткізу үшін алдағы кезеңде әр салада тығыз жұмыс жүргізілетінін атап көрсетті.

Ердоған Қырғызстанмен ынтымақтастықтың маңызды тұғырларының бірінің Түрік Кеңесі екеніне назар аударып, «Дүйсенбі күні Шолпан-Атада өтетін Түрік Кеңесі басшылар саммитіне қатысатын мүше елдердің басшыларымен маңызды шешімдер қабылдаймыз» деді.

Президент Ердоған әріптесімен бас қосуында Қырғызстандағы FETÖ болмысымен күрестің басты күн тәртібін құрағанына назар аударды.

Бас қосудың артынан екі ел арасында әртүрлі салада 12 бөлек келісім-шартқа қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар