"Түркия - маңызды одақтас"

Литва Түркияға қолдау білдірді.

1039148
"Түркия - маңызды одақтас"

Литваның сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс Түркияның маңызды одақтас екенін айтты.

Ресми байланыстармен Вильнюста жүрген ТР Сыртқы істер министрі Мелвүт Чавушоғлумен кездескеннен кейін баспасөз өкілдерінің алдына шыққан Линкявичюс түрік әріптесін қонақ қылғанына риза екенін айтты.

Линкявичюс Чавушоғлумен бірге Сирия тақырыбы, өңірлік мәселелерді қолға алғандарын айтып: «Біз Түркияны өте маңызды одақтас ретінде қабылдаймыз. Түркия – НАТО-ның маңызды мүшесі» деді.

Сөйлеген сөзінде Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарына да тоқталған Линкявичюс Түркия мен ЕО арасындағы диологтың өзара сенімге сүйенетін атмосфереда болуын қалайтындарын білдірді.

«Түркияның өңірде маңызды ел екеніне сенеміз. Түркия – НАТО-ның бір мүшесі. ЕО-ға кандидат. Біз Түркиямен тікелей байланыста болу маңызды деп есептейміз» деді ол.

Литваның Сыртқы істер министрі Түркияға бұрын барғанын және сапарларын жалғастыратынын айтып: «Түркиямен қарым-қатынасымыз достық деңгейінде жалғасады деп ойлаймын.  Түркиямен байланысымыз шынайы» деді.

Түрік Сыртқы істер министрінің Литваға сапары аясында екі ел арасында «Инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау» келісіміне қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар