PKK-лық 26 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрлігі 20-27 тамыз күндері аралығын қамтыған террормен күрес операциялары жайлы мәлімдеме жасады.

1038331
PKK-лық 26 террорист залалсыздандырылды

Ел көлемінде соңғы бір аптаның ішінде жасалған операциялар барысында PKK-лық 26 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі 20-27 тамыз күндері аралығын қамтыған террормен күрес операциялары жайлы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде ішкі қауіпсіздік операциялары аясында бесеуі басшылық кадрынан барлығы 26 террористің залалсыздандырылғаны жарияланды.

Министрлік мағлұматтарына қарағанда операциялар нәтижесінде баспана мен үңгірлер жойылды. 14 ауыр және ұзақ атымды қару, 13 граната, мың 290 әртүрлі оқ-дәрілер тәркіленіп, қолдан жасалған бір жарылғыш жойылды.

Заңсыз көшпен күрес аясында болса 608 келімсек Теңіз жағалауын күзету қолбасшылығы тарапынан ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар