Террор тізімінде іздеу салынған бір террорист залалсыздандырылды

Гүмүшханенің Күртүн ауданында қауіпсіздік күштері мен террористтер арасында қақтығыс шықты.

1036245
Террор тізімінде іздеу салынған бір террорист залалсыздандырылды

Террор қылмысымен іздеу салынған террористтер тізімінде қызыл категориядағы бір террорист залалсыздандырылды.

Гүмүшханенің Күртүн ауданында қауіпсіздік күштері мен бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық террористер арасында қақтығыс шықты.

Йешилкөй ауылдық аймағындағы террормен күрес операцияларында қауіпсіздік күштері бір топ террорист пен қақтығысты. Қақтығыста 2 террорист залалсыздандырылды.

Екі террористің бірінің террор қылмысымен іздеу салынғандар тізімінде қызыл категориядағы бір террорист екені атап көрсетілді.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу қызыл тізімдегі террористің залалсыздандыруының террормен күресте тұрақтылықтың бір көрсеткіші екенін атап көрсетті.

Түрік қарулы күштерінің операциялары Хаккариде жалғасуда. Юксекова ауылдық аймағында әуеден қолдау берілген операцияларда PKK-лық қарулы 3 террорист залалсыздандырылды.

Ванның Башкале ауданында PKK-ға бағытталған операцияларда болса бөлшектеуші террор ұйымының аймаққа жауапты террористі қаруымен бірге тірі ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар