Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитеті жиналысы болып өтті

Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитеті жиналысында қорғаныс өнеркәсібі жобалары қолға алынды.

1027927
Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитеті жиналысы болып өтті

Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында президенттік басқару жүйесінің алғашқы Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитеті жиналысы кеше өткізілді.

Жиналыста Қорғаныс өнеркәсібі жобалары қолға алынды. Жиналыста негізінен жиыны 13.5 миллиард түрік лирасы құнындағы жобаны талқылады. Жиналыста сонымен қатар ATAK тікұшақтарына жаңа  жүйе қосылуы және ұшқышсыз әуе көліктері жүйелеріне байланысты жобалар қолға алынды.

Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитеті жиналысында  Комитет Түрік Қарулы Күштері және Ішкі істер министрлігінің қауіпсіздікке қажетті заманауи қарулардың, көліктердің және жабдықтарының өндірілуі жөніндегі тақырыптарды талқылайды. Сонымен қатар комитет мемлекет ішінде немесе қажетті болған жағдайда шетелден қамтамасыз етілетін  бұйымдарды талқыланды.

Жиналысқа байланысты мәлімдемеде «Шекарамыз ішінде және мемлекет шекарасының қауіпсіздігі үшін операциялар табысты түрде жалғасуда. Қауіпсіздік күштерімізді тіпті күшейтетін және ұлттық жүйемізге жаңалық қосатын жобаларды талқыладық және жаңа шешімдер жасадық» делінді.



Ұқсас жаңалықтар