Президент Режеп Тайып Ердоған ант ішті

Режеп Тайып Ердоған мәжілісте ант ішкен соң президенттік сарайда міндетін қабылдау рәсіміне қатысты.

1008493
Президент Режеп Тайып Ердоған ант ішті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) ант ішті.

Осылайша парламенттік жүйе аяқталды, президенттік үкімет жүйесі ресми түрде басталды.

24 маусым күні болып өткен президенттік сайлауда 26 миллион 330 мың 823 дауыспен жеңіске жеткен президент Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы кеңесіндегі ант ішу рәсімінің артынан Респуболиканың құрушысы Ататүріктің қабірі орналған Аныткабірге өтті.

Президент Ердоған осында Анытқабір арнайы дәптеріне "Түркия екі маңызды сайлауды табыспен аяқтады. Республика мен демократиямыздың бұл маңызды тоғысында Президенттік үкімет жүйесінің бірінші президенті ретінде ұлтымыздың бірлігін қамтамасыз етіп, бауырластығын күшейтуге, елімізді жетілдіруге, мемлекетімізді дамытуды жалғастыруға уәде береміз. Республиканы құрылуының 100 жылдығында нысаналарына қауыштыруда тұрақтымыз" деп жазды.

Президенттік сарайда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де көптеген шетелдік баспасөз өкілінің қатысуымен мемлекет пен үкімет басшылары және мәжіліс төрағалары мен делегациялардың қатысуымен президенттік міндетті қабылдау рәсімі өткізілді.

Осы аяда Болгария президенті Румен Радев, Грузия президенті Гиорги Маргвелашвили, Македония президенті Гиорге Иванов, Молдово президенті Игор Додон, Босния-Герцеговина президенттік Кеңес төрағасы Бакир Иззетбегович, Сербия президенті Александр Вучич, Косово президенті Хашим Тачи, Катар Әмірі Шейх Тәмім ибн-Хамад әл-Сани, Пәкістан президенті Мемнун Хүсейин, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы елбасы Мұстафа Акынджы, Қырғызстан президенті Сооранбай Жеенбеков, Судан елбасы Өмер әл-Бешир, Гвинея елбасы Альфа Конде, Замбия президенті Эдгар Лунгу, Гвинея Биссау елбасы Хосе Марио Ваз, Эквадор гвинеясы елбасы Теодора Обианг, Сомали елбасы Мұхаммед Абдуллахи Мухаммед Фарможо, Мавритания елбасы Оулд Абдел Азиз, Габон елбасы Али Бонго Ондибна, Чад елбасы Идрисс Деби Итно, Джибути елбасы Исмаил Омар Гуэллех, Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро Түркияға келді.

Осы рәсімнің артынан президент Ердоған қонағы ретін мемлекет, үкімет және мәжіліс төрағаларына қонақасы береді.



Ұқсас жаңалықтар