Президент Ердоған НАТО саммитіне барады

Президент Ердоған 11-12 шілде күндері НАТО мемлекет және үкімет басшылары саммитіне қатысады.

1008264
Президент Ердоған НАТО саммитіне барады

Президент Режеп Тайып Ердоған 24 маусым сайлауымен қайтадан міндетке келуінің артынан «НАТО мемлекет және үкімет басшылары жиналысына» қатысып, алғашқы шетел іс-сапарын жүзеге асырады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Брюссельге барып, НАТО-ның жаңа штаб пәтерінде өтетін мемлекет пен үкімет басшылары саммитіне қатысады.

Саммит аясында Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамп, Франция президенті Эммануэль Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйден бастап көптеген НАТО мемлекеті басшысымен де бас қосады.

Кездесулерде кейбір НАТО елдерінің бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы YPG-ге берген қолдауы жайлы тақырыптардың қолға алынуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар