Президент Ердоған ант ішеді

Артынан Президенттік үкімет жүйесіне өту рәсімі ұйымдастырылады.

1005564
Президент Ердоған ант ішеді

Президент Режеп Тайып Ердоған 9 шілде дүйсенбі күні Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде ант ішеді.

Президенттік аппараттың деректеріне қарағанда,  24 маусым күні болған президенттік сайлаудан жеңіп шыққан Ердоған 9 шілде күні парламентте Түркия уақытымен сағат 16-да ант ішеді.

Ант ішу рәсімінен кейін Президенттік сарайда Президенттік үкімет жүйесіне өту рәсімі ұйымдастырылады.

Президенттік үкімет жүйесі президент Ердоған ант ішіп,  сол күні кабинетті жариялауынан кейін ресми түрде басталады.

Мәжілісте депутаттардың тіркелу істері де жалғасуда.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Жалпы кеңесі 27-ші кезең депутаттарының  ант ішу рәсімі үшін 7 шілде сенбі күні Түркия уақытымен сағат 14.00-де жиналады.



Ұқсас жаңалықтар