Түрік армиясы Манбиджті кұүзету қызметін жалғастыруда

Бас штаб басқармасы ресми твиттер парақшасынан тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1003366
Түрік армиясы Манбиджті кұүзету қызметін жалғастыруда

Түрік қарулы күштері мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) қарулы күштері Сирияда Евфрат қалқаны операциялық аймағы және Манбидж ауданы арасында 7-ші рет ұйымдасқан және тәуелсіз күзету жұмыстарын орындады.

Бас штаб басқармасының ресми твиттер парақшасынан жарияланған мәлімдемеде бақылау жұмыстарының кеше атқарылғаны білдірілді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен АҚШ-тық әріптесі Майк Помпеоның 4 маусым күнгі кездесуінде ауданда қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз ететін бір келісім жасалған болатын.

Жоспар Түркия мен АҚШ тарапының әскери және барлау тақырыптарында ауданда ортақ бақылау қызметін бастау да қамтылады.

Келісім сондай-ақ Манбиджтен террористтер шығарылған соң ауданда жергілікті халықтың бір билік құруы нысанаға алынады.

Манбиджтегі адам санының 90 пайызын арабтар құрайды.



Ұқсас жаңалықтар