Түркия 2039 жылына дейін 11 жер серігін ғарышқа жібереді

Ердоған Түркияның 2039 жылына дейін 11 жер серігін ғарышқа жіберетінін айтты.

995027
Түркия 2039 жылына дейін 11 жер серігін ғарышқа жібереді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның 2039 жылына дейін 11 жер серігін ғарышқа жіберетінін айтты.

Ердоған әлеуметтік медиа арнайы «Жастар және технология» атты бағдарламасында жастардың сұрақтарына жауап берді.

16 жылда ғарышқа 10 жер серігін ұшырғанын түсіндірген Ердоған «2039 жылына дейін 11 жер серігімізде ғарышқа жібереміз» деді.

Президент Ердоған «2020 және 2021 жылы Türksat 5A және 5B-ді АҚШ іскері Элон Мусктың «Falcon» атты зымыранымен ғарышқа жібереміз. Бұл тақырыпта өзімен сөйлестік, ол да  мақұл көрді» деді.

Қорғаныс өнеркәсібінде ұлттық өндіріске көңіл бөлгенін баяндаған Ердоған қарулы және қарусыз ұшқышсыз әуе көліктерін өндірген Түркияның террормен күресте үлкен табыстарға қол жеткізгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар