Түрік әскері Манбиджте

Режеп Тайып Ердоған түрік әскерлерінің Сирияның Манбидж аймағында бақылау жұмыстарын бастағанын білдірді.

994663
Түрік әскері Манбиджте

Әділет және даму партиясы төрағасы және президент Ердоған партиясының Самсун қаласындағы сайлау науқаны кезінде Манбиджтің шетіне қоныстанған түрік әскері жайлы мағлұмат берді.

Ердоған «Манбиджтен террор ұйымын шығарамыз дедік, енді шыға бастады. Бақылау жұмыстарын бастаймыз деп едік ол да басталды» деді.

Түрік қарулы күштерінің Ирактың солтүстігіндегі Кандил аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға тиесілі операцияларға тоқталған Ердоған алғашқы операцияда 20 соғыс ұшағымен 10 нысананың жойылғанын, маңызды террорист кадрларының жойылғанын атап көрсетті.

Ердоған «Тоқтамаймыз, 24 маусым күнінен кейін Афринді  қайтарып алатындарын білдірген опасыздар сол күндерді көре алмайтын болады. Біз қазір ұлтымыздың тағдыры күресін жалғастырудамыз» деді.

Премьер-министр болса Стамбұлда Шығыс пен Оңтүстік Шығыс қоғам басшылары және Азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдерімен бас қосуында жасаған мәлімдемесінде түрік әскерінің бүгіннен бастап, Манбиджте міндетін атқара бастағанын жеткізді.

Йылдырым террорды құрту үшін АҚШ-пен ортақ қозғалғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар