Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Ердоған  Кандилдегі PKK-ға бағытталған операцияны бастатқандарын айтты.

990937
Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың Кандил аймағында шоғырланған бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған операцияны бастатқандарын, енді кезектің Синджарға келетінін айтты.

Ердоған бір жеке теледидар каналында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

Түрік әуе күштерінің 20 ұшақпен PKK-ға тиесілі нысаналарды бомбалағандарын білдірген Ердоған «Бұлар жай нысаналар емес. Ендігі кезек Синджарға келеді» деп Синджарға да операция бастауы мүмкіндігін атап өтті.

Ердоған террор операциясы тақырыбында Иранмен қою байланыс ішінде екенін баяндады,

Сирияның Африн аймағында PKK-ның Сириядағы жалғасы PYD-YPG және ДАИШ-ке қарсы жүргізілген операцияның жалғасқанын түсіндірген Ердоған «Қазір 4600-ден астам террористті залалсыздандырдық. Бізге қауіп төндірген террористтерді жоямыз» деді.

Ердоған «Америка Құрама Штаттары Манбидж тақырыбында террористтерге берген қаруларын кері жинап алатындары жөнінде мәлімдеме жасады. АҚШ лауазым иелерінің қаншама шын ниетті екенін білмеймін» деді.

Түркияның Ресейден алатын S-400 әуе қорғаныс жүйелерінен АҚШ-тың мазасыз болғаны және Түркияға F-35 соғыс ұшақтарының тапсырып берілуімен қатысты мәселелер шығатыны жөніндегі пайымдауларға да тоқталған Ердоған «F-35 тақырыбында уәде бердік. Өйткені біз 800 миллион доллар бердік. Біз халықаралық құқыққа сәйкес әрекет етудеміз. Біз S-400 әуе қорғаныс жүйелерінен бас тартпаймыз. S-400 әуе қорғаныс жүйелерін керекті болған жағдайда қолданамыз» деді.


Этикеттер: #Ресей , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар