«Бір елді ең үлкен ұяқа қалдыратын шешім»

Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик Грекияның шешімін сынға алды.

977920
«Бір елді ең үлкен ұяқа қалдыратын шешім»

Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик Фетуллахшы террор ұйымының 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Грекияға қашқан төңкерісшілерге берілген «баспана құқығы» шешімін «Бір елді ең үлкен ұяқа қалдыратын шешім» деген сөздермен бағалады.

Өмер Челик Грекияда Мемлекеттік Кеңестің FETÖ-нің төңкеріс бастамасының артынан бұл елге қашқан төңкерісшілерге баспана құқығы беру шешімінің бір елді ұятқа қалдыратын шешім екенін атап, «Күдіксіз бұл Түркияға қарсы Түркия дұшпандарымен ынтымақтасқан бір сана» деді.

Челик Мемлекеттік Кеңес төрешілерінің шешімін твитерден бағалады.

Челик мәлімдемесінде «Грекияда Мемлекеттік Кеңес 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті бастамасының артынан бұл елге қашқан төңкерісшілдерге баспана құқығын беру жайлы шешім қабылдады. Бір ел үшін ең үлкен ұятқа қалдыратын бір шешім. Еуроодақ мүшесі Грекияның заң жүйесі Түркияда демократияны жоюға бағытталған төңкеріс бастамасында орын алған террористерді қорғауға шешім қабылдады. Демократияға қарсы террористерді қорғайтын бұл заңсыз түсінік қорқынышты деңгейде. Күдіксіз бұл Түркияға қарсы Түркия дұшпандарымен ынтымақтасқан бір сана» деді.



Ұқсас жаңалықтар