Президент бір күндік сапармен Босния және Герцеговинаға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Сараево Мемлекеттік Кеңес басшысы Бакир Иззетбеговичпен бас қосады.

974808
Президент бір күндік сапармен Босния және Герцеговинаға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған бас қала Сараево халықаралық әуежайында Босния және Герцеговина Мемлекеттік Кеңес басшысы Бакир Иззетбегович тарапынан қарсы алынады.

Кейін Мемлекеттік Кеңестің бас ғимаратында оңаша бас қосатын екі басшы артынан делегация аралық жиналысқа басшылық жасайды.

Кездесудің артынан Ердоған мен Иззетбегович ортақ баспасөз жиналысы өткізбек.

Президент Ердоған сапары барысында Еуропалық түрік демократтар одағының (UETD) 6-шы кезекті Жалпы Кеңесіне құрметті қонақ ретінде қатысып, үн қатады.

Ердоған Халықаралық Сараево Университеті тарапынан берілетін құрметті доктор атағын табыстау рәсіміне қатысады.



Ұқсас жаңалықтар