Сербия президенті Александр Вучич Түркияны мақтады

«Түркия - Балкандағы ең мықты күш, ең мықты мемлекет. Түркияның не ойлағаны біз үшін маңызды».

966071
Сербия президенті Александр Вучич Түркияны мақтады

Ресми сапармен Анкараға келген Сербия президенті Александр Вучич Түркияны мақтады.

Вучич «Түркия - Балкандағы ең мықты күш, ең мықты мемлекет. Түркияның не ойлағаны біз үшін маңызды» деді.

Президент Ердоған және сербиялық әріптесі Вучич кеше кешкі уақытта Жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесі отырысының артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Вучичті Түркияда қонақ еткені үшін қуанышты екенін атап көрсеткен Ердоған Жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесін қазан айында жүзеге асқан сапар барысында Сербияда қол қойылған ортақ декларациямен құрғандарын білдірді.

Ердоған Кеңес арқылы екі жақты ынтымақтастықты қолға алғандарын, сондай-ақ аймақтық мәселелер жайлы көзқарас алмасқандарын тілге тиек етті.

Екі ел арасында сауда көлемінің алғаш рет 2017 жылы 1 миллиард доллардан асқанына риза екендерін атап айтқан Ердоған «2018 жылы 1 миллиард долларлық сауда көлемімізді 2 миллиард долларға, кейінгі сатыда 3 миллиард долларға, ары қарай 5 миллиард долларға жеткізуді нысанаға алып отырмыз» деді.

Президент Ердоған бір журналисттің «Түркия мен Сербия ынтымақтастығының Балкандағы бейбітшілікке қосқан үлесі» жайлы сұрағына қайтарған жауабында бүкіл талпыныстардың әсіресе де Жоғары деңгейлі стратегиялық кеңес жиналысының аймақта бейбітшілікті қамтамасыз етуге үлес қосқанын тілге тиек етті.

Сербия президенті Александр Вучич болса Түркияда қарсы алынғандай басқа ешбір мемлекет тарапынан жақсы қарсы алынбағанын және осы үшін Ердоғанға алғысын білдіргенін атап көрсетті.

Фетуллахшы террор ұйымының 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетімен байланысты Сербияның демократиялық жолмен сайланғандарға қарсы әрекеттерді жақтамағанын тілге тиек еткен Вучич «Сондықтан сол опасыз төңкеріс түні Түркияның демократиясына шабуылдағанда біз ашық түрде қарсы шықтық, ашық түрде айыптадық. Әрі халықаралық құқықты, әрі НАТО мүшесі әр елдің заңдық тәртібін құрметтейміз. Біз бүгінгі мәжіліс бағдарламамыз кезінде сол жерге шабуылданғанына сене алмадық. 15 шілде түні шәйіт болғандарға гүл шоғын қойдық. Біз қашанда өз болашағын таңдайтын адамдарды қолдаймыз» деді.

Сербия президенті сондай-ақ биыл Түркиямен 1 миллиард 300 миллион долларлық сауда көлеміне қол жеткізуді нысанаға алғандарын атап көрсетті. Түрік инвесторлардың Сербияның көптеген  қаласында жұмыс істегенін және аталмыш жерлердің жағдайының жақсарғанын атап көрсеткен Вучич ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығы тақырыбында да екі ел арасында ынтымақтастықтың жалғасқанын білдірді. Вучич «Түріктер жұмыстарын таза істейді және өте еңбекқор адамдар» деді.

Вучич Белград пен Сараево арасында салынып жатқан жол құрылысының әрі сербтер, әрі босниялықтар үшін аса маңызды екеніне назар аударды.

«Түрік ағыны жобасы үшін құттықтаймын» деген Вучич «Украинамен табиғи газ байланысы үзілген жағдайда одан көп байланысатын боламыз. Әр салада жұмыстанамыз. Тек қана экономикалық емес, қоғамдық, спорт және басқа да салаларда» деді.

Сербияға ең көп шетелдік туристтің Түркиядан барғанына назар аударған Вучич 2018 жылы екі ел арасындағы турист санын да арттырғысы келгенін білдірді.

Түркия мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың Балкан бейбітшілігіне қаншалықты үлес қосқаны жайлы бір сұраққа Вучич «Түркия Балкандағы ең мықты күш, ең мықты мемлекет. Түркияның не ойлағаны біз маңызды» деп жауап қайтарды.

Сербияның кішкентай, бірақ Балкандағы ең үлкен ел ретінде Түркия, Ресей, АҚШ, Қытай және Еуроодақтың не ойлағанын назарға алғанын атап көрсеткен Вучич «Түркия - Балкан аймағында және бұл біз үшін аса маңызды. Адамдар әсіресе басқа елдерде тек қана саяси емес, инвестиция саласында Түркияның ықпалын байқамайтын болса, онда менің айтар сөзім жоқ. Сондықтан әсіресе Түркиямен ынтымақтастығымыз ортақтық, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар