"Кореяның орын алуы - біз үшін мақтаныш" деді

Ердоған Фетуллахшылардың істерінің доғарылуын сұрады.

962337
"Кореяның орын алуы - біз үшін мақтаныш" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Канал Стамбул» жобасында Оңтүстік Кореяның орын алуының мақтаныш екенін айтты.

Оңтүстік Кореяның бас қаласы Сеулде кездесулер жүргізген Ердоған Стамбулда салынатын Қаратеңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын «Канал Стамбул» жобасына байланысты мәлімдеме жасады.

Баспасөзге ашық сөзінде Түркияның 2023 (Республиканың 100 жылдығы) мақсаттарының бірі «Канал Стамбул» жобасында Оңтүстік Корея фирмаларының орын алатынына тоқталған президент Ердоған: «Осы жобада әсіресе Кореяның да орын алуы - біз үшін мақтаныш» деді.

Ердоған осындағы сөзінде 2016 жылдың 15 шілде күні болған төңкеріс әрекетін жасаған Фетуллахшы террор ұйымының мүшелерінің шетелдердегі істеріне тоқталды. «Фетуллахшылардың Оңтүстік Кореядағы істерінің доғарылуын қалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар