Түркия НАТО үшін өте маңызды

Столтенберг Түркияның НАТО үшін өте маңызды бір ел екенін айтты.

961171
Түркия НАТО үшін өте маңызды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның НАТО үшін өте маңызды бір ел екенін айтты.

«Бұны түсіну үшін картаға қарау жеткілікті болады» деген Столтенберг Түркияның маңызын түсіну үшін НАТО мүшелеріне қауіп төндірген, сондай-ақ Ирак және Сирияға көрші болған стратегиялық аймаққа қараудың жеткілікті екенін білдірді.

Түркияның террор ұйымы ДАИШ-тің жеңілуі үшін халықаралық коалициясының бірлесе отырып жұмыс істегенін баяндаған Столтенберг «Түркияға алғыс алғыс айтамыз» деді.

Түркияның террордан ең көп зардап шеккен НАТО елі екенін қайталаған Столтенберг «Түркияның табиғи түрде  өзін қорғау құқығы бар» деді.


Этикеттер: #НАТО , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар