Мемлекет басшылары 23 сәуір мерекесін құттықтады

23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің  (ТҰҰМ) ашылуының 98 жылдығы ел көлемінде тойлануда.

956854
Мемлекет басшылары 23 сәуір мерекесін құттықтады

23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің  (ТҰҰМ) ашылуының 98 жылдығына орай мемлекет басшылары құттықтау жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған жариялаған құттықтауында 23 сәуірдің қасиетті түрік ұлты үшін қайта тірілуінің белгісі екенін атап көрсетті.

Ердоған 98 жылдық ТҰҰМ-нің жұмыстарын алғашқы күнгі толқыныспен жалғастырғанын атап көрсетті.

24 маусым сайлауына да тоқталған Ердоған «Еліміздегі тұрақтылық пен сенімді ортаны күшейтетін жаңа бір кезеңді бастаймыз» деді.

Мәжіліс төрағасы Исмаил Кахраман «ТҰҰМ толық тәуелсіздіктен басқа ешбір ұсынысты қабылдамайтынын жариялап, азаттық күресін бастады және Мәжілісіміздің тұңғыш төрағасы Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығымен азаттық соғыста жеңіске жетті» деді.

ТҰҰМ төрағасы Кахраман балалардың мерекесінде құттықтады. «Өздеріне бір мереке сыйға тартылған сүйікті балаларымызды құшақтаймын, қасиетті ұлтымыздың мерекесі құтты болсын» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым болса құттықтауында «Билік алғы шартсыз ұлттікі» негізінде құрылған ТҰҰМ-нің ашылуымен түрік тарихында жаңа бір кезеңнің басталғанын атап көрсетті.

Премьер-министр Бинали Йылдырым «Балаларымыздың бейбіт, тыныш және бауырластыққа толы бір әлем арманын жүзеге асыру ең үлкен мақсатымыз» деді.

Республикашыл Халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу болса құттықтауында «23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесі демократияның жетілуі, әділетті қамтамасыз етілуі, құқық мемлекетін күшейту, елімізде бейбітшілік және өркендеудің кепілі» деді және балалар мерекесін құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар