Бинали Йылдырым Моңғолияның артынан Ауғанстанға өтті

Премьер-министрдің Ауғанстан сапарында Фетуллахшы террор ұйымымен күрес және екі жақты ынтымақтастық кеңінен қолға алынады.

946782
Бинали Йылдырым Моңғолияның артынан Ауғанстанға өтті

Премьер-министр Бинали Йылдырым Моңғолиядағы байланыстарының артынан Ауғанстанға өтті.

Йылдырым сапары аясында ресми байланыстарын Ауғанстан Қорғаныс министрлігінен бастайды. Ауғанстан мемлекеттік атқару комитеті төрағасы Абдуллах Абдуллахпен оңаша кездесетін Йыдырым кейін ортақ баспасөз жиналысы өткізеді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым артынан Ауғанстан мемлекет басшысы Эшреф Гани тарапынан қабылданады.

Сапар барысында Фетуллахшы террор ұйымымен күрес (FETÖ), аймақтық мәселелер және екі жақты ынтымақтастықтар қолға алынады.

Йылдырым Ауғанстандағы Түрік қызмет күші қолбасшылығына барады.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі басқармасы «ТИКА» тарапынан салынған Шәйіт Бүлент Айдын атындағы мешіттің ашылу рәсіміне қатысады.



Ұқсас жаңалықтар