Йылдырым Орхон-Енисей ескерткіштерін зиярат етті

Йылдырым Ұланбатырға 70 шақырым шалғайлықтары Тұниқұқ ескерткішіне барды.

946374
Йылдырым Орхон-Енисей ескерткіштерін зиярат етті
basbakan mogolistan1.jpg

Моңғолия сапарын жалғастырған премьер-министр Бинали Йылдырым Орхон-Енисей ескерткіштерін зиярат етті.

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА тарапынан салынған Білге қаған мұражайын да аралаған Йылдырымды бұл жерде ұлттық киім киген қызметкерлер қарсы алды.

Бұл жерде Моңғол дәстүрі бойынша Йылдырымға қатық тарту етілді. Көне түркі жазулары ескерткіштеріне тексеру жүргізген Йылдырым ТИКА-ның жасаған жұмыстары жөнінде мағлұмат алды.

Премьер-министрі Бинали Йылдырым Орхон-Енисей ескерткішін аралағаннан кейін  астана Ұланбатырға 70 шақырым шалғайлықтары Тұниқұқ ескерткішіне барды.

Йылдырым ұлы түрік мемлекет қайраткері және бас қолбасшысы Тұниқұқтың тіккен және тарихта түркі сөзінің алғаш рет орын алған ескерткіші жайлы лауазымдардан мағлұмат алды.


Этикеттер: #Моңғолия , #ТИКА

Ұқсас жаңалықтар