332 аймақ бақылау астына алынды

Боздағ Зәйтүн бұтағы операциясында 332 аймақтың бақылау астына алынғанын білдірді.

938666
332 аймақ бақылау астына алынды

Премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның Африн аймағына бағытталған Зәйтүн бұтағы операциясында 332 аймақтың бақылау астына алынғанын білдірді.

Боздағ жасаған мәлімдемесінде 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясының жоспарланғандай табысты түрде ілгерілегенін, сондай-ақ маңызды табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.

Операция басталғаннан осы таңға дейін 49 түрік әскерінің шейіт болғанын, 208 әскердің де жараланғанын мәлімдеген Боздағ Африн аймағынан террористтер тарапынан жасалған шабуылдарда 7 адамның шейіт болғанын, 125 адамның жарақат алғанын баяндады.

Боздағ «Зәйтүн бұтағы операциясында осы таңға дейін 3755 террорист өлтірілді. 282-сі ауыл,  50-і стратегиялық түйін болып, жиыны 332 аймақ бақылау астына алынды» деді.

 


Этикеттер: #операция , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар