Ердоған Макронмен телефонда сөйлесті

Телефон әңгімелерінде екі ел қарым-қатынастары мен аймақтық тақырыптар қолға алынды.

936492
Ердоған Макронмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен телефонда сөйлесті.

Президент Ердоған Франция президенті Макронмен телефондағы әңгімелерінде Африн тақырыбында жасалған негізсіз мәлімдемелерден мазасыз болғанын да білдірді.

Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұматтарға қарағанда кеше кеште өткізілген телефон әңгімелерінде екі ел қарым-қатынастары мен аймақтық тақырыптар қолға алынды.

Президент Ердоған Сириядағы соңғы оқиғалар жөнінде мағлұмат беру барысында Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне бағытталған қауіпті жою аясында Афринді террористтерден азат еткенін және сол жердегі халыққа тыныштық орта жаратқанын түсіндірді.

Ердоған Кипр тақырыбында болса Шығыс Жерорта теңіздегі көмірсутегі байлықтарымен байланысты Түркияның және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының заңды құқықтарының қорғалуы керектігін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар