Ердоған: Қазір Афринде түрік жалауы желбірейді

Президент Режеп Тайып Ердоған Чанаккале жеңісі және шәйіттерді еске алу күні рәсіміне қатысты.

932191
Ердоған: Қазір Афринде түрік жалауы желбірейді

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда Африн қала орталығының Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы тарапынан азанғы уақытта бақылауға алынғанын жариялады.

Президент Ердоған Чанаккале де 18 наурыз Чанаккале жеңісі және шәйіттерді еске алу күнінің 103 жылдығына орай ұйымдастырылған рәсімде Африн қала орталығының сағат 08.30-дан бастап толығымен бақылауға алынғанын атап көрсетті.

Африн қала орталығында енді бөлшектеуші террор ұйымының алба-жұлбаларының емес, тыныштық пен сенімнің символдарының желбірейтінін атап көрсеткен Ердоған «Қазір Афринде түрік жалауы мен Еркін Сирия армиясының жалауы бірге желбірейді. Батыр әскерлерімізге және Еркін Сирия армиясы мүшелеріне өзім және халқым атынан алғысымды білдіремін» деді.

Афринде террористердің іздерін өшіріп жатқанда, сондай-ақ инфрақұрылымдарды жаңартып қаланың тіршілігіне оралуы үшін бар қадамды басатындарын атап көрсеткен Ердоған «Елімізде және басқа аймақтарда өмір сүрген аймақ халқының қысқа уақытта елдеріне, үйлеріне оралуы үшін қажетті қадамдарды басамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар