Ердоған Меркельмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен телефонда сөйлесті.

930858
Ердоған Меркельмен телефонда сөйлесті

Телефондағы әңгімелерінде екі лидер Түркия-Германия   және Түркия-Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастарды қолға алды.

Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұматқа қарағанда кеше кеште өткізілген телефондағы әңгімеде Ердоған Германия федерал үкіметінің ресми түрде міндетке бастауына және қайтадан премьер-министр болуына орай Меркельді құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Телефондағы әңгімелерінде екі лидер Түркия мен Германия арасындағы диалог және ынтымақтастықтың күшеюі тақырыбында бекімді болғандарын қайталады. Екі лидер сонымен қатар заңсыз мигрантпен күресу және босқындар мәселесінде бірге жұмыс істеудің маңызына тоқталды.

Телефондағы әңгімелерінде террор ұйымдарына қарсы ортақ күрес жүргізу керектігі жөнінде бірдей көзқараста болды. Сонымен қатар екі лидер 26 наурыз күні Болгарияның Варна қаласында өткізілетін Еуропа Одағы лидерлер саммитінің маңызын талқылады.

Президент Ердоған  Меркельге  Сирияның Африн аймағында жалғасқан Зәйтүн бұтағы операция жайлы мағлұмат берді.


Этикеттер: #Германия , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар