Мерсинге Зәйтүн бұтағы операциясы ескерткіші тұрғызылды

Мерсин муниципалитеті Зәйтүн бұтағы операциясына арнап, Аймақ Паркіне ескерткіш орнатты.

927917
Мерсинге Зәйтүн бұтағы операциясы ескерткіші тұрғызылды

Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында террор ұйымдары PYD/YPG/PKK/KCK және ДАИШ мүшелерін залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын террористердің қысымынан құтқару мақсатты 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясының ұмытылмауы үшін Мерсин Муниципалитеті тарапынан бір паркке «Зәйтүн бұтағы операциясы» ескерткіші орнатылды.

Муниципалитет мәжілісі Йенишехир ауданының Эғричам аумағында орын алған Аднан Мендерес бульварындағы Аймақ Паркін қайта реттеу жұмыстарының артынан аталмыш паркке бір ескерткіш тұрғызуды жоспарлады.

Шәйіт пен ардагерлерге арнап орнатылуы жоспарланған ескерткішке Түрік қарулы күштері тарапынан террор ұйымдарына қарсы табысты түрде жалғастырылған Зәйтүн бұтағы операциясы атын қоюға шешім қабылданды.

Муниципалитет басшысы Бурханеддин Коджамаздың тапсырмасымен 15 күнде дайындалған және қолында қаруы бар бір түрік әскері мен қолында зәйтүн бұтағы ұстаған бір түрік әйелінің ай жұлдыз алдындағы ескерткіші паркке қойылды.

Ескерткіштің үстіне Мұстафа Кемал Ататүріктің «Бейбітшілікке ұлыстың қажымас қайраты, нанымы және талпынысын біріктірумен қол жеткізіле аламыз», «Бірлік пен тірлік тек қана өлімді жеңе алмайды» және «Менің ниетім жерімді кеңейту емес, бейбітшілікті бұзу дәстүріміз жоқ. Дегенмен келісімдерге сүйенген құқығымыздың қорғаушысымын» деп жазылған тақтайшалар ілінді.



Ұқсас жаңалықтар